Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі жалпы сайлауды 14 мамырда өткізу туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Anadolu-ға сілтеме жасап.
Президенттің сайлау туралы жарлығынан кейін 11 наурызда Жоғарғы сайлау кеңесі (YSK) жиналады, онда сайлау 14 мамырда өтетіні хабарланады. Екінші тур болса, бұл 28 мамырда өтеді.
Айта кетейік, Ердоған бұған дейін елдегі президентті және парламентті сайлау 2023 жылғы 14 мамырда өтуі мүмкін екенін мәлімдеген еді. Бұл ретте Ердоған былтыр өз өкілетін сақтап қалуға ниетті бар екенін білдірді.
Ердоғанның негізгі қарсыласы - алты оппозициялық партиядан құрылған "Халықтық альянс" атынан ортақ кандидат ретінде Кемал Кылычдароглу президент сайлауына түсетін болды. 74 жастағы саясаткер – кезінде Түркия президенті Мұстафа Кемал негізін қалаған Халықтық-республикалық партияның қазіргі төрағасы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!