Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Владимир Путинмен Астанада кездесіп, Украина бойынша Мәскеу мен Батыс келіссөздерінде түрік медиациясын ұсынбақ. Бұл туралы түрік басшысының ресми өкілі Ибрагим Калын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ИноСМИ-ге сілтеме жасап.
"Президент Ердоған Путинмен біздің болашағымыз, атысты (Украинадағы) тоқтату үшін жасай алатын қадамдарды талқылайды", - дейді Калын.
Калынның сөзінше, Украинадағы атысты тоқтату мәселесінде "талқыланбай жүрген жасырын нәрселер" бар.
Екіжақты кездесу 13 қазанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің саммитінде (АӨСШК) өтпек. Бұған дейін Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Түркия президентімен келіссөз жүргізуі мүмкін екенін айтқан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!