- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ердоған Путинмен Астанада...
Ердоған Путинмен Астанада кездесіп, Украинадағы жағдайды талқылайды
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Владимир Путинмен Астанада кездесіп, Украина бойынша Мәскеу мен Батыс келіссөздерінде түрік медиациясын ұсынбақ. Бұл туралы түрік басшысының ресми өкілі Ибрагим Калын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ИноСМИ-ге сілтеме жасап.
"Президент Ердоған Путинмен біздің болашағымыз, атысты (Украинадағы) тоқтату үшін жасай алатын қадамдарды талқылайды", - дейді Калын.
Калынның сөзінше, Украинадағы атысты тоқтату мәселесінде "талқыланбай жүрген жасырын нәрселер" бар.
Екіжақты кездесу 13 қазанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің саммитінде (АӨСШК) өтпек. Бұған дейін Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Түркия президентімен келіссөз жүргізуі мүмкін екенін айтқан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина