Сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша қайта сайланған Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанның видеосы қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған видеода Ердоған күзетшісі ұсынған суды ішпей, дәл сол суды ұлы Билал берген кезде ғана ішкені байқалады.
Ердоғанның бұл әрекетін түрлі БАҚ жазып, әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыланып кетті. бірі Ердоғанның әрекеті дұрыс екенін, сақ болуы керегін жазса, енді біріне Президенттің әрекеті ұнамаған.
"Қатты уайымнан ас түгілі су да батпай отыр… екінші жағынан сенімсіздік те бар біреу қастандық жасайма екен деп… не десе де биыл ол кісіге өте ауыр жыл болды, халқын аман ұстап отыру, жан жақтағы алпауыт елдердің арамзасынан қорғап отыру деген өте үлкен шаруа…. Бір мемлекет түгілі бір отбасын ұстап отыра алмайтын еркектер бар ғой… қит еткен ұрысқа долданып шығып келетін, қит етсе ажырасып кете салатын…."
"Сақтықта қорлық жоқ. Алла да сақтансаң, сақтайды деген. Бір отбасыны басқара алмайтын адамдар көп, бүтін бір мемлекеттің барлық жауапкершілігі мен сенімін мойындарына артқан бұл кісілерге мүлдем әңгіме айтуға да болмайды,Түркиядай үлкен үлкен бір мемлекетті басқару оңай емес, 90 миллион адам болса 90 миллион түрлі пікір, 90 миллион тағдыр осы кісінің жауапкершілігінде"
"Ердоған неден қорықты? Жақсы кісі ғой, ел басқара берсін"
"Оңай емес, қаншама миллиондаған елді билеу. Патшаның аты патша. Аман болсын. Бір мемлекетті емес, айналдырған бір отбасын ұстай алмайтын еркектер бар", - дейді Желі қолданушылары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!