13-14 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мемлекеттік сапармен келеді. Мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сондай-ақ, президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.
15 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады.
Жиында "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбы талқыланады.
Еске салайық, сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылуына қатысып, панельдік сессияда сөз сөйледі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz