Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Астанаға ұшып келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммитіне қатысады.
Оны Астана әуежайында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов күтіп алды.
3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді. Оған ТМҰ-ге мүше Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстанның президенттері қатысады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!