Ердоған Астанаға келді

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін 13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мемлекеттік сапармен келетіні хабарланды.

Мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды. Сондай-ақ, президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.

15 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады. Жиында "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбы талқыланады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз