Ерболат Ибрайханов су ресурстары және ирригация вице-министрі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
"ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерболат Мақсұтханұлы Ибрайханов Қазақстан Республикасы су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды. Ол тарифтік саясат пен құрылыс мәселелеріне жетекшілік ететін болады", - делінген хабарламада.
Ерболат Ибрайханов 1981 жылы туған. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "қаржы және несие", Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін "құқықтану", Nottingham университетін (Ұлыбритания мемлекеті) "мемлекеттік басқару", ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын "мемлекеттік басқару" мамандықтары бойынша бітірген.
Ол еңбек жолын 2003 жылы ҚР Әділет министрлігі Сот сараптама орталығында бас экономист болып бастаған.
Әр жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Бәсекелестікті қорғау және дамытуды үйлестіру департаментінің жетекші маманы, ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің бас маманы, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің бас сарапшысы, басқарма бастығы, тергеу департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2011-2012 жылдары Қостанай және Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекцияларының бастығы, 2012-2014 жылдары Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясының бастығы, 2016-2017 жылдары Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары, 2018-2019 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымдарында еңбек еткен.
Сонымен бірге ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!