Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еске салайық, Ерболат Досаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне 2025 жылғы 19 қыркүйекте тағайындалған. Осылайша, ол бұл қызметте жарты жыл жұмыс істеді.
Былтыр желтоқсанда Досаев "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. Ал 2026 жылғы қаңтарда ол сондай-ақ, "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ директорлар кеңесінің құрамына енді.
2022 жылғы қаңтардан 2025 жылғы мамырға дейін Досаев Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды.
Ерболат Досаев - Республикалық физика-математика мектебінің түлегі, 1993 жылы Алматы энергетикалық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын жеке компанияларда бастаған, 1997 жылы "Акцепт" корпорациясының бас директоры болды. Кейін "ТұранӘлем банкі" басқарма төрағасының орынбасары және "Алматы сауда қаржы банкі" басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.
1998 жылы премьер-министрдің кеңесшісі, кейін энергетика, индустрия және сауда вице-министрі болды. 2000 жылы Қазақстанның қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды.
2001 жылғы мамырдан 2002 жылғы наурызға дейін "Қазақстан даму банкі" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2001 жылғы қарашада Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы қызметін қоса атқарды.
2003 жылғы маусымда Ерболат Досаев қаржы министрі болып тағайындалды, ал 2004 жылғы сәуірде денсаулық сақтау министрі болды.
2006–2012 жылдары "КазИнвестБанк" директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2012 жылғы қыркүйектен бастап Экономикалық даму және сауда министрі (кейін - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі) қызметін атқарды. 2014 жылғы 6 тамызда Ұлттық экономика министрі болды.
2016 жылы "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингін басқарды. 2017 жылғы 29 тамызда премьер-министрдің орынбасары болды.
2019 жылғы 25 ақпаннан 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін Ұлттық банк төрағасы, одан кейін Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды.
қызметтерін атқарған. 1998 жылы Досаев премьер-министрдің кеңесшісі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!