Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.
"Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ерболат Досаев 2019 жылдың ақпанында Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалған, 2017 жылдың тамызынан бастап премьер-министрдің орынбасары болған. 2016 жылдың мамырынан бастап "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингін басқарған.
2012-2013 жылдар аралығында ол экономикалық даму және сауда министрі болған, сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігін, Қаржы министрлігін, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігін басқарған.
Ол қаржы вице-министрі, энергетика, индустрия және сауда вице-министрі қызметтерін атқарған. 1998 жылы Досаев премьер-министрдің кеңесшісі болды.