- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ерболат Беделхан Ninety...
Ерболат Беделхан Ninety One тобымен жұмысын неге тоқтатқанын ашып айтты
Әнші, продюсер Ерболат Беделхан Ninety One тобымен жұмысын неге тоқтатқаны туралы айтты. Ол "Менің өмірім" бағдарламасында осы жайтқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ерболат Беделхан Ninety One тобымен жұмысы келісімшарттың мерзімі бітуіне байланысты аяқталғанын, келіспеушілік пайда болғанын айтты.
"Иә, келісімшарт 100 пайыз орындалды, бірақ оның аяқталатын мерзімі келді. 8 жылда қиын-қыстау кезең де болды, жетістік те болды, халықтың сүйіспеншілігіне де ие болдық. Менің басты мақсатым - нарық қалыптастыру. Тек бір "Орда" тобы не Ninety One тобын құрып, жай продюсерлік жұмысты атқара берсем болар еді. Бірақ нарықта q-pop-ты кеңінен таратқым келеді. Жігіттер де осыны басынан білді. Келісімшарт біткеннен кейін жігіттер өздерін топ ретінде дамытқысы келетіндерін айтты. Бұл - таңдау. Бізде екі жақтан да келісімшартты жаңартуға, бірге жұмыс істеуге қатты тырыстық, бірақ менің таңдауым болды, балалардың таңдауы болды. Сондықтан келіспей қалдық. Келіспеушіліктің себебі - таңдау. Мен үшін Ninety One белгілі бір кезең болды. Демек, уақытымның біраз пайызын топқа арнауым керек пе, әлде нарықты зерттеуге арнайын ба деген сұрақтар туындады. Ал балалардың таңдауы топ ретінде өздерін шыңдау еді", - дейді әртіс.
Продюсер тағы топ құру ойында бар ма деген сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, Ninety One тобынан басқа қыздар тобына продюсерлік етеді.
"Әрине, бар. Бұл - менің компаниямның бір бөлігі", - деді Ерболат Беделхан.
Бұдан басқа, продюсер IT саласында екі стартап бастағанын айтты. Біріншісі - Qos онлайн стрим платформасы, онлайн кинотеатр. Екінші сала - JUZ Musiс, музыка дүкендерімен жұмыс.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек