Ербол Шорманов Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері телефон арқылы хабарлады. Шормановтың жаңа қызмет орны жайлы мәлімет жоқ.
Ербол Шорманов 1968 жылдың 20 тамызында Алматыда дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын 1991 жылы бітірген.
Ол 2009 жылдың 25 ақпанынан бері Алматы әкімінің орынбасары қызетінде болып келген. Бұл қызметте ол қаланың тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, көріктендіру, абаттандыру, табиғатты пайдалану және экология, энергетика, өндіріс, сауда, шағын кәсіпкерлік, санитарлық-эпидемиологиялық мәселелеріне жауапты болды.
Үйленген (әйелі - Фишман Оксана Леонидовна), баласы бар (Шорман Арсен, 2007 жылы дүниеге келген).