Ербол Мырзабосынов туризм және спорт министрі лауазымына қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ербол Мырзабосынов туралы не белгілі?
Ол 1984 жылы 30 тамызда Семей қаласында дүниеге келген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген. Ол - PhD докторы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастаған.
2009-2013 жылдары - Семей мемлекеттік медицина университетінің дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы.
2013-2014 жылдары - Семей мемлекеттік медицина университетінің дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі.
2018-2020 жылдары "Қызылжар Арландары" спорт клубының директоры қызметін атқарған.
2020-2021 жылдары - Qazaq kuresi қауымдастығының басқарушы директоры.
2021-2023 жылдары - Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры.
Cондай-ақ, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова