Ерасыл Қажыбаев “Қазақстан барысы“ атанды

Ерасыл Қажыбаев “Қазақстан барысы“ атанды
Фото: ҚР. Қорғаныс министрлігі

ХІІІ республикалық "Қазақстан барысы" турнирінің жеңімпазы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Финалдық белдесуге шымкенттік Ерсұлтан Мұзаппаров пен Абай облысынан келген Ерасыл Қажыбаев шықты. Турнир нәтижесінде Ерасыл Қажыбаев таза ұтты. Үшінші орын үшін Саят Шамшиев (Абай облысы) пен Әділ Оразбаев (Әскер барысы) таласып, Саят Шамшиев жеңіске жетті. 

Айта кетейік, турнир Астанадағы "Барыс Арена" спорт кешенінде өтті. 

Турнирге барлығы 42 балуан қатысты. Қатысушылар Қазақстанның 17 облысы мен Республикалық маңызы бар 3 қала - Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан келді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева