"Ералаштың" бұрынғы режиссері Илья Белостоцкий педофилия үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылды,- деп хабарлайды РИА Новости.
Сот жабық режимде өтті.
"Солнцево ауданаралық прокуратурасы прокурорының ұстанымын ескере отырып, сот Белостоцкийді қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу үшін 14 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", - делінген хабарламада.
Тергеу барысында Белостоцкийге 14 жасқа толмаған балаға әдепсіз әрекеттер жасады деген айып тағылды. Ал сотта күш қолданды немесе кәмілетке толмаған жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдалану арқылы жыныстық сипаттағы күш қолданды деген айып тағылды. Ол 2020 жылдың қазанынан бері қамауда отыр.
Үкім заңды күшіне енген жоқ, оған шағымдануға болады.
Белостоцкий - ресейлік режиссер, сценарист, актер және продюсер. 2000 жылдардың ортасынан бастап "Ералашта" режиссер болып қызмет атқарды. Киножурналдың баспасөз қызметі тергеудің әділ өтуіне мүдделі екенін айтып, "Ералашта" балалар үнемі бақылауда болғанын, түсірілім кезінде балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінің болғанын атап өтті.