Әлемдік шоу-бизнестің көп жұлдызы тыңдарман есінде қалуы үшін, ерекше болып көрінуі үшін түрлі лақапат таңдайды. Бұл тенденцияға сай қазақстандық жұлдыздар да есімін өзгертіп жатады. Massaget.kz тілшісі шын есімін жасырып қалған қазақстандық жұлдыздарға шолу жасады.
Аша Матай
Танымал тележүргізуші, актриса, әнші Аша Матайдың шын есімі - Ақбота Асқарбекова. Өнер иесінің айтуынша, әкесі оны кішкентайынын "Боташа" деп еркелеткен, кейін әнші "Аша" деп аталуды жөн көрген. Ал Матай - оның руы.
Луина
2010 жылы Х-фактор жобасы арқылы танылған әнші Луинаның шын есімі - Луиза Қарынбаева. Әнші - Маңғыстау облысының тумасы. Өнер иесі есіміндегі "з" әрпін "н" әрпіне өзгертті, бұл оның тыңдарман есінде қалуына ықпал етті.
Димаш Құдайберген
Халық сүйіктісі, атақты әнші Димаш Құдайбергеннің шын есімі Димаш емес. Оның отбасы кішкентайынан Димаш деп еркелеткен соң, әнші сахналық есімін осылай қалдыруды жөн көрген. Алайда оның азан шақырып қойған есімі - Дінмұхамед.
Бүркіт - Аиша
Жұлдызды отбасы Бүркіт пен Аишаның шын есімдері мүлде олай емес. Бүркіттің шын есімі - Айбек Жансеитов, ал Аишаның - Виктория. Бүркіт лақапатын осы құс секілді өнер әлемінде биік самғағысы келген соң таңдаған. Сахнаға лақапатпен шығуға продюсері Евгений Жагалтаев кеңес берген. Бүркіттің жары Аиша бүгінде есімін өзгертіп, құжатта Айша деп жаздырып алған.
Скриптонит
Рэпер өзінің сахналық есімінің шығу тегін түсіндірмейді, бірақ жанкүйерлер Супермен комикстеріндегі Криптонитке, ойдан шығарылған кейіпкерге сілтеме бар екеніне сенеді. Оған қоса, жұлдыздың төсінде Суперменге арнаған S татуы бар. Ал оның шын есімі - Әділ Оралбекұлы Жәлелов.
Рэпердің басқа тыңдармандары оның лақапаты жоғары бит (Скриптке) байланысты дейді.
Ninetyone
Ninetyone тобының жігіттері дебют жасамас бұрын сахналық есімдер таңдаған. Топ лидері, экс-мүшесі A.Z. - Азамат Байболатұлы Зенкаев, ол есімі мен тегінің алғашқы әріптерін алған. Вокалист ALEM-нің шын есімі - Батырхан Абайұлы Мәлік, ACE - Азамат Қайратұлы Ашмақын. Рэпер ZaQ-тің шын есімі - Дулат Болатұлы Мұхаметқали, ол сахналық аты ретінде Qazaq сөзін қысқартып алған. Ал топ кенжесі Данияр Ақылбайұлы Құлымшаның сахналық есімі - BALA.
Jah Khalib
Қазақстандық рэпер, әнші, битмейкер және продюсердің шын есімі - Бахтияр Мамедов. Jah Khalib жеке мансабын бастаған бойда лақапат алған. Оның айтуынша, Халиб - арабша "жеңіске жететін адам", ал Jah (Jah) - растафаризмдегі Құдайдың есімі.
Кентал
"Бірлік болсын әлемде" әнімен танымал әнші, Кенталдың шын есімі - Талғат Кенжеболатов. Ол әріптесі Лидо секілді есімі мен тегінің алғашқы буынын біріктіріп, өзіне лақапат ойлап тапқан.
Айжан Нұрмағанбетова
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Айжан Нұрмағамбетованың есімі мүлдем басқа екен. Құжатта оның есімі Айтжан Нұрмағамбетова болып жазылған. Ал Айжан - туған сіңлісінің аты. Әнші халыққа ер баланың атымен танылғысы келмегендіктен осындай қадамға барған.
Айдар Байжанов
Жігіттер тобының мүшесі Айдар Байжановтың шын есімі - Ерсінбек Тұрғанбекұлы. Құжатта тегін заңды түрде өзгертсе де, есімі сол қалпы жазылған. Ал Айдар деп әке-шешесі мен достары атап кеткен екен.
"Ерсінбек - тек, құжатта ғана көрсетілген есімім. Кішкентай кезімде ата-анам шашыма байланысты ырымдап, Айдар деп атап кеткен. Ерсінбек деп мені ешкім атаған емес. Тіпті, сыныптастарым да", - дейді әнші бір сұхбатында.
Сондай-ақ, шоу-бизнес өкілдерінің арасында атын өзгертпей, тек тегі ретінде руын қолданып жүрген әншілер бар. Мысалы, бұдан басқа лақапат ретінде руын қолданып жүрген әншілер де бар. Олар - Ғаділбек Жанай, Ақылбек Жеменей, Нұрлан Албан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!