- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ер адамның ішегінен...
Ер адамның ішегінен тірі шыбын табылды
АҚШ-та дәрігерлер 63 жастағы науқастың тоқ ішегінде тірі шыбын барын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.
Ер адам тексеруге келгенде, дәрігерлер оның органындағы тірі шыбынды көріп үрейленеді. Бірақ науқас организміне жәндіктің қалай келгенін білмейтінін айтқан. Оның айтуынша ешқандай ыңғайсыздықтар туындамаған.
Дәрігерлер ер адамнан бірнеше күн бұрын не жегенін сұрады. Ол процедурадан бірнеше сағат бұрын тек су ішкенін, ал бір күн ішінде салат пен пицца жегенін айтты. Ер адамның айтуынша, тамақта шыбын болмаған.
Дәрігерлер жәндік салаттағы көкөністерге жұмыртқа салған болуы мүмкін деген болжам жасады. Бұл сирек кездесетін жағдай. Ер адам дернәсілді байқамаған болуы мүмкін. Ол тамақпен бірге асқазанға түсіп, содан кейін ішекке кірген. Бұл жағдай дәрігерлерге қатты әсер еткені сонша, олар американдық гастроэнтерология журналында мақала жариялады.
"Бұл жағдай колоноскопия кезінде өте сирек кездесетін жағдай. Бүкіл шыбынның көлденең тоқ ішекке қалай енгені жұмбақ", - делінген мақалада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы