- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ер адамның қазіргі...
Ер адамның қазіргі қоғамдағы ролі осал - Ислам Байрамуков
ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - Ислам Байрамуков - белгілі қазақстандық еркін стильдегі балуан, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері және Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты. Ол спорттағы табыс жолындағы еңбек, неліктен ер адамдар қазір қоғамда осал жағдайға ие деп санайтынын, сондай-ақ қаңтар айындағы оқиғалар мен олардан қандай қорытынды жасау керегін ашып айтты.
Жоба қонағының сөзінше, спортта жетістікке аянбай еңбек ету арқылы ғана жетуге болады.
"Жеңіске жету, әрине, мұның бәрі өздігінен болмады, мұның бәрі еңбек, еңбек. Азғантай дарын болса жарайды, бұдан бұрын еңбекке қабілетті болу керек, еңбекке деген сүйіспеншілік адам бойында кем дегенде 95 пайыз болуы керек. Бұдан басқа түрлі жарақат бар, бұл мүлдем басқа жағдай. Жақын туысың "денсаулығыңды құртып қайтесің, таста" дейді. Мысалы, мен буындарыма 7 операция жасадым. Үлкен спорт - жабық әлем. Трансляций кезінде көретініңіз басқа, ал кадрдан тыс қалатын дүние басқа. Қанша тағдырға кесір тиді, адамдар қиындыққа шыдамай сынып қалады. Көбінің психикасына зақым келген", - дейді Ислам.
Сонымен қатар, олимпиада жүлдегері Қазақстандағы спорттың дамуы туралы ойын айтты.
"Мемлекет қоғам денсаулығын оңалту туралы ойлауы керек. Қазір түрлі бағдарлама пайда болды. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін қарасаң, әр ауланы, әр зейнеткерді жеке алаңы мен шахмат тақтасымен қамтамасыз етеміз дейтін "бос сөзге" толы бағдарламалар пайда болған. Мұның бәрі қайда? Спортқа түк қатысы жоқтар келеді,түк түсінбейді. Нәтижесі сол", - дейді спортшы.
Сондай-ақ Ислам қаңтар оқиғасынан кейін қоғамды қалай тәрбиелеп жатқанымыз туралы ойлануымыз керегін айтты.
"Табиғи апаттар болады. Есіңізде ме, Жапонияда табиғи апат болғанда бірде-бір банк та, дүкен де, үй де қирамады. Яғни ештеңе тоналмады. Ал бізде не болды? Демек, сонша жыл ішінде біз сондай қоғам тәрбиеледік. Ойлаңызшы, адамдар күнделікті нан сататын дүкенді де тонап жатты. Сонда ертең көршің сенің үйіңді тонай ма? Бұл қорқынышты жайттар туралы үндемей қалуға болмайды. Қоғаммен жұмыс істеу керек, адамдардың санасы солай қалыптасқан не оларды осындай деңгейге жеткізген. Еліміз ғой, оны сындырып, бүлік шығарып, өртеп емес, келер ұрпаққа сақтауымыз, дамытуымыз керек", - дейді ол.
Жоба қонағының сөзінше, отбасылық өмірде бастысы - қандай да бір проблема туса ол туралы дер кезінде айтып, өзіңнен қате кеткен болса кешірім сұрай білу керек.
"Мінсіз отбасы бола бермейді. Отбасы болғасын ұрыс та, түсінбей қалу да болады. Оның бәрімен жұмыс істеу керек. Бастысы сол проблемалар туралы айтып, ашық сөйлесу керек. Қандай да бір проблема туса, отырып ашық сөйлесу керек. Үндемей қалғаннан мәселе шешілмейді, отырып талқылау керек. Бастысы - қатеңізді мойындап, кешірім сұрай білу", - дейді Ислам.
Сонымен қатар, Ислам ер адамның қоғамдағы ролі туралы ойын айтты.
"Мен сізге мынаны айтайын: ер адамның қоғамдағы орны осал. Қазір "гүл, сыйлық сыйламаса, жақсы көрмейді" деген тренингтер бар. Бірақ қайдан білеміз, мүмкін ер адам, шын мәнінде, сыйлағысы келетін шығар, бірақ қазір мүмкін болмай тұрған шығар. Неге сол үшін оны жерден алып, жерге салу керек, неге сол үшін ұялуы керек? Психологтар қазір қате ақпарат беріп, қарсы қояды. Ер адамға ауыр жауапкершілік артылған. Ол тамақ алуы керек, ақша табуы керек, керек нәрсені алып беруі керек. Ал ол бұдан не көреді? Ал әйел ше? Мысалы, асыра сілтеп айтайын, тіл білмейді, мамандығы жоқ, білімі де жоқ. Әлеуметтiк теңдiк болуы керек, өзара түсіністік болуы керек. Сол кезде бала әкесіне де, анасына да махаббатпен қарайды", - дейді спортшы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина