- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ер адамның жалаңаш...
Ер адамның жалаңаш суреттерін таратамын деп бопсалаған әйел адам ұсталды
Өзбекстанда ер адамға көңілдесі қоқан-лоқы көрсеткен. Ол ер адамнан ақша бопсалаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 46 жастағы ер адам тәртіп сақшыларына шағымданған. Оның сөзінше, 2021 жылдың қаңтарында ер адам 35 жастағы әйелмен танысып, жақын қарым-қатынаста болған. Алайда біраз уақыттан кейін көңілдесі оның жалаңаш суреттері мен видеосын таратамын деп бопсалаған.
Осылайша, әйел адам ер адамнан 200 доллар (5 миллион сум) бопсалап алған. Алайда әйел адам оны қанағат тұтпай тағы 50 миллион сум талап еткен.
Жедел-іздеу шаралары барысында әйел адам 40 миллион сум алып жатқан сәтінде ұсталды.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина