Алматыда ер адам тұрғындарды шошытты. Видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрларда ер адам аялдамада тұрған адамдарға шабуыл жасамақ болып, әдепсіз сөздер айтып, балағаттағаны көрінеді.
Назар аударыңыз! Видеода балағат сөздер айтылған.
Бұзақыны полицейлер ұстағаны белгілі болды. Полиция мәліметінше, ол мас болған.
"Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушы ұсталды, іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!