Сыраның құрамында ауыр металл тұздары бар. Сондықтан оны тым көп мөлшерде ішу ер адамды белсіздікке шалдықтыруы мүмкін. Бұл туралы Александр Умнов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "News.ru-ға" сілтеме жасап.
Оның сөзінше, мұндай мәселеге әйелдерде тап болуы ықтимал. Өйткені сыраның құрамындағы ауыр металдардың тұздары тестостерон жыныстық гормонының өндірісін төмендетеді.
"Бұл ер адамның шәуетінде ұрық пен әйелдегі жұмыртқаның пайда болуына теріс әсер етеді. Сондай-ақ, ер адамдар сыраны тұтынған кезде әйел жыныстық гормоны эстроген белсенді түрде өндіріліп, әлеует мәселесіне және кеуде бездерінің ұлғаюына әкеп соқтырады", - деді ол.
Сонымен қатар, Александр Умнов ер адам сыраны көп мөлшерде тұтынатын болса, оның биологиялық негізі әйелге айналатынын жеткізді. Ал бұл өз кезегінде оның репродуктивті қызметіне айтарлықтай әсер етеді. Салдарынан әке болу мүмкіндігі және жыныстық құштарлық айтарлықтай төмендейді.
Маман жағдайдың бұлай ушығып кетуіне бірнеше жыл керегін еске салды. Ал әйел сыраны тым көп ішетін болса, ағзада гормоналды фон бұзылып, салдарынан артық салмақ қосылып, гинекологиялық аурулар дамуы мүмкін. Бұдан бөлек, сусын етеккір циклін бұзуы мүмкін, тіпті етеккірдің келуі мүлде тоқтайды.
Айта кетейік, бұған дейін күн сайын сыра ішсе, ағзада не болатыны хабарланған болатын.
Медицина күн сайын сыра ішуді ішімдікке салыну ретінде қарастырады. Сыраны көп мөлшерде ішу физикалық және психикалық денсаулықпен байланысты бірқатар жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін.
Тағы да оқи отырыңыздар: Полицияға түсу үшін ҰБТ-да таңдау пәні қандай?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз