- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ер адамдарға түнде...
Ер адамдарға түнде ұялы телефон қарамау керегі ескертілді
Қараңғыда экраннан шығатын сәулеленудің әсері шәует сапасын төмендетеді. Израильдік ғалымдар тобы жүргізген шағын зерттеудің алдын ала нәтижелері Sleep журналында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ғалымдар электронды құрылғы, әсіресе ұялы телефонды кеңінен қолдану мен еркектің ұрықтылығының арасында қандай байланыс бар екенін анықтауға тырысқан. Бұған дейін жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, электронды құрылғылар экрандарының қысқа толқынды сәулеленуі адам ағзасында болатын әртүрлі физиологиялық процестерге теріс әсер етуі мүмкін.
Ғалымдар 21 мен 59 жас аралығындағы 116 ер адамның ұрық үлгілерін зерттеді. Сонымен қатар, зерттеуге қатысушылар ұйықтау режимі және электронды құрылғыларды пайдалану әдеттері туралы сұрақтарға жауап берді. Кешке, түнде бөлменің жарығын өшіріп, төсекте жатып, үнемі смартфон қарайтын немесе теледидар көруді ұнататын ер адамдардың мұндай әдеттері жоқ адамдарға қарағанда шәует сапасы айтарлықтай төмен болатыны анықталды.
Қараңғыда экранның жарығына қарауды ұнататындардың шәуетінің концентрациясы тым төмен, тіпті жыныс жасушалары белсенді емес, нашар қозғалады, ал көпшілінде тіпті мүлдем қозғалмайды.
Тағы да оқи отырыңыздар: Бірлік пен бейбітшілік туралы әндер
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә