Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы

Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Фото: depositphotos.com

Психолог Джеффри Бернштейн ер адамдардың көзге шөп салуға неліктен бейім екенін түсіндірді. Psychology Today сайтында жариялаған мақаласында сарапшы әйелдеріне опасыздық жасаған екі клиентінің оқиғаларын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап. 

Бала күтімі мен үй шаруасына қатты көңіл бөліп кету

Психолог Бернштейннің айтуынша, оның клиенттерінің бірі Марк есімді ер адам әйелінің үй шаруасына және бала күтіміне баспен кіріп, оған жеткілікті көңіл бөлмей жатқанын сезе бастағанда әріптесімен қарым-қатынасқа түскенін айтқан.

"Күйеуінің опасыздығын білген әйел қатты күйзелді. Бірақ терапия кезінде біз ерлі-зайыптылардың екеуінің де некеге көңілі толмайтынын білдік. Әйелі күйеуінің жағдайын жауапкершілік ретінде артып алып, оған да белгілі бір қызмет көрсететін дүние ретінде қарағанын мойындады", - деді психолог.

Орынсыз кикілжің мен ұрыстар

Психологтың тағы бір клиенті әйелімен артық кикілжің тудырмауға тырысқанын, бірақ әйелі үнемі ұрыс-керістерді өршіткенін, соның салдарынан оның реніші күшейгенін айтты. Содан кейін ер адам онымен ресми түрде ажыраспай-ақ, өзге әйелмен көңіл жарастырып, соның жанынан тыныштық тапқан. 

Бернштейн ерлі-зайыптыларға мұндай қарым-қатынас мәселелерін болдырмау үшін бір-бірімен көбірек сөйлесуге, қажеттіліктерін талқылауға және бірге уақыт өткізуге кеңес берді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Литпин