- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ер адамдағы қан-тамыр...
Ер адамдағы қан-тамыр аурулары мен стресс белсіздікке шалдықтыруы мүмкін
Ер адамдағы жыныстық әлсіздік қатты күйзеліс немесе депрессиямен байланысты болуы мүмкін. Бұл туралы андролог, уролог Батор Гончиков айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.ru-ға" сілтеме жасап.
"Жоғары қан қысымы, атеросклероз және басқа жүрек-қан тамырлары аурулары артерияларды зақымдап, жыныс мүше қан-тамырларының тарылуына әкеп соқтыруы мүмкін, бұл эрекцияға жетуді қиындатады", - деп түсіндірді андролог.
Маман әйелдерге ғана емес, ер адамдар да салмағын үнемі бақылауы тиіс. Өйткені семіздік ұрпақ жаңғырту қызметіне теріс әсер ететін гормоналды тергерімсіздікті тудырады. Егер ер адамның бел шеңбері 94 сантиметрден асып кетсе, дереу диетаға отыру керек.
Айта кетейік, бұған дейін уролог ерлердегі белсіздіктің негізгі себептерін атағаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза – 2024. Ораза кезінде тырнақ бояуға бола ма?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә