Өзбекстанда ер адам үйінде 30-дан аса жылан асырап, кейін босатып жіберген, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі kun.uz сайтына сілтеме жасап.
Өзбекстанда ер адам үйінде 30-дан аса жылан асыраған. Бұл оның көршілерін алаңдатты.
Жергілікті тұрғындар екі жыланды ұстап алып өлтірген. Қазір ауданда арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Оның құрамына аудандық ішкі істер бөлімі, Төтенше жағдайлар министрлігі, ветеринария және мал шаруашылығы қызметі, табиғатты қорғау бөлімі және басқа да құзырлы ұйымдардың қызметкерлері кіреді. Қазір жақын маңдағы көше тұрғындарының үйлерінде дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ бұл дерек бойынша полиция қызметкерлері алдын ала тергеу жүргізіп жатқанын хабарлайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!