- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ер адам төтенше...
Ер адам төтенше жағдайлар министрінен өртсөндірушіні марапаттауды сұрады
Астаналық ер адам төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтен төрт айлық баланы өрттен аман алып қалған өртсөндірушісін ерлігі үшін марапаттау сұралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 наурызда Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрттен 1-ӨСБ өртсөндіруші-құтқарушысы Мақсат Лесхан сәбиді алып шықты. Құтқарушының видеосын Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады.
Астанада 2 наурызда сағат 18:38 шамасында Нәжмиденова көшесі, 39 мекенжайындағы тұрғын үй кешенінің төртінші қабатындағы пәтерде өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнында қатты түтін пайда болған, өртсөндірушілер дереу өртті сөндіруге кіріскен. Олар 30 адамды аман алып қалды, оның 15-і балалар. Барлығы 38 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Өртті сөндіруге астаналық төтенше жағдайлар департаментінен 29 адам мен 8 техника жұмылдырылды. Өрт 19:29-да сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы 30 шаршы метр болды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек