- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ер адам танысын...
Ер адам танысын 2,5 миллион теңгеге сан соқтырып, бар ақшаны құмар ойынға салып жіберген
Ақмолалық тұрғынды танысы 2,5 миллион теңгеге сан соқтырды. Күдікті ақшаны құмар ойынға ұтылып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтем жасап.
Ақмола полицейлері біреудің атына 2 миллион теңгеден астам сомаға тауарлық несие ресімдеген күдіктіні анықтады, бұдан басқа күдікті жәбірленушінің шотынан букмекерлік кеңседегі өз шотына 500 мың теңгеден астам сомада ақша қаражатын аударған. Алаяқтықтың құрбаны болған ауыл тұрғыны Астрахан ауданының полиция бөліміне арызданған.
Ер адамның сөзінше, танысы сенімін пайдаланып, банк қосымшасы арқылы оның атына 2 миллион теңгеден астам сомаға тауарлық несие ресімдеген, сондай-ақ шотынан 540 мың теңгені ұрлап алған. Күдікті жақын маңдағы ауылдың 23 жастағы тұрғыны болып шықты.
Алдын ала тергеу барысында күдікті тауарлық несиеге IPhone 14 маркалы бірнеше телефондарды сатып алғаны анықталды, оларды кейіннен қаладағы сауда үйлерінің бірінен алып, қайта сатып алушыға сатып жіберген.
Жәбірленушінің шотынан ұрланған ақша мен телефонды сатып алған ақшаны күдікті букмекерлік кеңсенің балансына аударған, онда ставка жасап, ұтылып қалған.
Қазіргі уақытта полиция бөлімі бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі ("Алаяқтық"), ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан