Ресейде кеден қызметкерлері ер адамның Қазақстанға Бакс атты тірі қолтырауынды заңсыз әкетуіне жол бермеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ресейдің Федералдық кеден қызметіне сілтеме жасап.
Орск өткізу пунктінде кеден қызметкерлері жүк көлігін тексерген. Көлікті тексеру барысында басқа заттардың арасынан тірі қолтырауын салынған ағаш қорап табылған. Ішіндегі бауырымен жорғалаушының ұзындығы - 1,8 метр.
Көлікті Ростов облысының тұрғыны тізгіндеген. Оның жануарды шетелге шығаруға қажет рұқсат құжаттары болмаған, бірақ ветеринариялық паспорты болды.
"Құжатқа сәйкес, қолтырауынның аты - Бакс. Ер адам оны 2009 жылы сатып алған. Қазір Ресей Федерациясының Әкімшілік кодексінің 16.3-бабы негізінде жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деп жазылған комитет хабарламасында.
Қолтырауын мамандандырылған ұйымға беріледі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз