- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ер адам полицейді...
Ер адам полицейді видео үшін бопсалап, ақша сұраған
Фото:
24.kg
Қырғызстанда Ош қаласында ер адам патрульдік қызмет қызметкерінен 150 мың сом бопсалаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.
Елдің ІІМ мәліметінше, қызметкер жаяу жүргіншінің жол қозғалысы ережелерін бұзғанына қатысты хаттама толтырған. Жаяу жүргінші мұның бәрін видеоға түсіріп, ақша сұрай бастаған.
Енді "Бопсалау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ер адам 40 мың сом алған кезде ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр.
Күдікті ІІБ тергеу қызметіне тапсырылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова