- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ер адам мас...
Ер адам мас күйде өз ағасын пышақтап өлтіріп қойған
Өзбекстанның Гиждуван қаласында ер адам мас күйде өз ағасын пышақтап өлтіріп қойған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.
50 жастағы тұрғын кәсіппен айналысатын. Ер адам туған жеріне келіп, отбасына, оның ішінде, бауырына да көмектеспек болған.
Келесі күні ағайындылар жақындарымен жиналып, ішімдік ішкен. Екеуі сөзге келісе алмай, жанжал басталып кеткен. Айыпталушы қорғанамын деп асүйге тығылып қалған. Бірақ ағасы артынан аңдып, соққыға жығуын тоқтатпаған. Сол кезде айыпталушы пышақты қолына алып, ағасына сұғып алған. Оны туыстары тоқтатқан. Жәбірленушіге көмек көрсетілгенімен ол бірнеше күннен кейін аудандық ауруханада қайтыс болған.
"Мен жасаған ісіме өкінемін. Соттан кешірім сұраймын", - дейді тұрғын.
Басылым мәліметінше, ер адам 10 жыға сотталған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина