• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Ер адам лифтіде әйелге шабуыл жасады: жаңа деректер белгілі болды

Ер адам лифтіде әйелге шабуыл жасады: жаңа деректер белгілі болды
Фото: Видео кадры

Астанада лифтіде әйелге шабуыл жасаған ер адамға қатысты жаңа деректер белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның егжей-тегжейін хабарлады.

Полиция қызметкерлері лифтіде пышақпен қорқытқан ер адамды ұстады. Оқиға ұсталған жігіт пен оның құрбысы арасындағы жанжалдан кейін болған.

"Ол масаң күйде болып, кездейсоқ кездескен адамға өзіне-өзі қол жұмсау ниеті туралы айтып, асхана пышағын көрсеткен", - деп хабарлады полиция.

Ер адам дереу ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget