Өзбекстанда Гүлістан соты биыл тамызда қызғаныштан бұрынғы әйелін ұрып-соғып, шашын қырып тастаған ер адамның ісін қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ке сілтеме жасап.
Сотталушының көп әйел алғаны белгілі болды.
Ер адам мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Бұрынғы әйелімен бес баласы бар. Ажырасқаннан кейін ол басқа біреуге үйленген, бірақ бұрынғы әйелімен өмір сүре берген.
Сот оны Қылмыстық кодекстің 126 (көп әйел алу) және 126-1 (тұрмыстық зорлық-зомбылық) баптары бойынша кінәлі деп тапты. Ол 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!