- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ер адам көңілдесін...
Ер адам көңілдесін интим суреттерін күйеуіне жіберем деп бопсалаған
Ташкентте көңілдесін бопсалаған ер адам ұсталды. Ол әйелден күйеуіне интим суреттерді жібермеу үшін 10 мың доллар сұраған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі podrobno.uz-ға сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 2019 жылы ер адам әлеуметтік желілер арқылы бір әйелмен танысқан. Әйел ол кезде күйеуімен жанжалдасып жүрген. Кейін олар жақын араласа бастаған. Алайда біраз уақыттан кейін әйел күйеуіне оралуды ұйғарады.
Бұл ер адамға ұнамаған, ол әйелге күйеуі мен қайын атасына интим суреттерін жіберетінін айтып, бопсалай бастаған. Құпияны сақтау үшін ол 10 мың доллар талап еткен. Әйелде мұндай ақша болмаған, бірақ отбасын сақтап қалу үшін ол 1700 доллар жинаған. Бірақ ол ер адамды тоқтатпаған, осылайша, тағы 7 мың доллар талап еткен. Осыдан кейін әйел құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болған.
Құқық қорғау органдары қызметкерлері өткізген жедел іс-шара барысында ер адам 5800 доллар алған сәтте ұсталды. Қазір осы дерек бойынша тергеуге дейінгі әрекеттер жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова