- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ер адам жылан...
Ер адам жылан шаққан ағасын жерлегеннен кейін өзін де жылан шағып, қаза болды
Үндістанда 22 жастағы ер адамды жылан шағып, қаза болды. Ол оқиғадан бірнеше сағат бұрын жылан уынан қаза болған 38 жастағы ағасының жерлеу рәсіміне қатысқан, - деп хабарлайды Indian Express.
Басылым мәліметінше, 22 жастағы Говинд Мишра және оның ағасы Чандрашехара Панда Бхованипур ауылына үлкен ағасын жерлеуге келген. Олардың ағаларын жылан шағып, қаза болған.
Сол түні екі ағайынды ұйықтап жатқанда, жылан шабуыл жасаған. Нәтижесінде Говинд Мишара қаза болған, ал Чандрашехар Панди ауруханаға түскен. Оның да жағдайы қиын деп бағаланған.
Ресми статистикаға сәйкес, жыл сайын бұл елде жылан шағуынан төрттен миллионнан аса адам зардап шегеді, олардың 50 мыңы қаза болады. Бұл жолбарыстардың, барыстардың және басқа да жыртқыш аңдардың құрбандары санынан отыз есе көп.
Ж. Қадыржанова