Қырғызстанда ер адам жанжал кезінде туысына пышақ сұғып алған. Ол қаза болған. Бұл туралы облыстық ІІБ баспасөз қызметі өкілі айтты, - деп хабарлайды "24.kg" сайты.
Ведомство мәліметінше, 19 шілдеде Жетісу ауданының ІІБ-не Ыстықкөл облыстық ауруханасынан хабарлама келіп түскен. Дәрігерлер сағат 22.20-да Ан-Остон ауылының 32 жастағы тұрғыны кеудесіндегі пышақ жарақатымен түскенін хабарлаған. Ер адам есін жимастан, ауруханада жан тапсырған.
Куәгерлердің айтуынша, пышақ жарақатын алған жәбірленуші ауылдан табылған әрі бірден ауруханаға жеткізілген. Олар оны соңғы рет мас ағасымен бірге көргенін айтқан. Олар жанжалдасып жатқан.
Басылым мәліметінше, күдікті әрі марқұмның ағасы саналатын Бішкектің 45 жастағы тұрғыны жауап алу кезінде өз кінәсін мойындаған. Одан заттай дәлел ретінде қылмыс құралы - ас үй пышағы тәркіленген.
Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 122-бабы "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ұсталған адам сот бұлтартпау шарасын қабылдағанға дейін УҰИ-ға қамалған.