Бішкекте дәмханалардың бірінде жанжал кезінде ер адам қыздың басына тапанша кезеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg-ға сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, мекеме күзетшілері бұл оқиғаны дер кезінде байқап, ер адамды ұстаған.
Оқиға 27 маусымға қараған түні болды. Мекеме әкімшілігі милиция шақырған. Свердлов ауданы ІІБ баспасөз қызметі бұл дерек тіркелгенін айтты.
29 жастағы ер адам Ішкі істер басқармасына жеткізілді, одан белгісіз маркалы тапанша тәркіленді.
Милиция барлық қажет сараптама тағайындалғанын және қосымша тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!