Kaspi.kz-тің Астанадағы бөлімшесінде бірнеше адам кепілге алынған. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері бұл оқиға қатысты пікір білдірді.
"Астанадағы Достық көшесіндегі "Керуен" сауда орталығында Kaspi.kz-тің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы. Полиция қызметкерлері оқиға орнында ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!