- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ер адам әйелінің...
Ер адам әйелінің көңілдесін өлтіру үшін киллер жалдаған
Өзбекстанның Наманған облысындағы Тұрарқорған ауданында ер адам әйелінің көңілдесін өлтіру үшін киллер жалдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, ер адам әйелі опасыздық жасап жүргенін біраз уақыттан бері байқаған. Ер адамның сөзінше, әйелі көршісімен көңілдес болып жүрген. Ол отбасы екі жаққа кетіп қалмауы үшін амалсыз әрекетке барған - ер адам киллер жалдап, көршісін өлтірмек болған. Ол үшін ер адам 1000 доллар беремін деп уәде еткен.
Тәртіп сақшылары бұл туралы ер адам жалдамақ болған "киллерден" білген. Осылайша, ішкі істер органдары арнайы операция жүргізуді шешкен. Яғни жалған киллердің ролін полицей ойнаған.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері кісі өліміне тапсырыс берген адаммен өлтіретін адамды қаланың сыртына апарып, сол жерде өлтіремін деп келіскен. Ер адам өзімен бірге 1000 доллар және ас үй пышағын ала келген. Нәтижесінде тапсырыс берген ер адамның өзі ұсталған.
Ер адамға қатысты қылмыстық кодекстің 97-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ер адам қамауға алынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина