Өзбекстанда ер адам мен анасы келіні мен қызын өз-өзін өлтіруге дейін жеткізген, - деп хабарлайды Podrobno.uz.
Ер адам Самарқанд облысы Каттакурган ауданындағы мектептердің бірінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген.
"Бір жарым жыл бойы бақытты өмір сүрдік, содан кейін отбасындағы жанжалдар басталды. Әйелім анаммен сыйыспады. Жұмыстан оралған сайын анам немқұрайды келініне шағымданатын еді. Бұл бірнеше жылға созылды. Осы жылдар ішінде бес баланың әкесі атандым. Мойындаймын, әйелімді соққыға жықтым, ол кейін ата-анасының үйіне кетті", - деді сотталушының өзі.
Осындай жанжалдардың бірінде әйелі мен кенже қызы суицид жасаған.
"Бұл - трагедия. Бір түнде жақындарымнан айырылдым. Осылай аяқталады деп ойламадым... Қатты өкінемін", - деді ол.
Сот ер адамды 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған.