Ер адам X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter - еск.) алғашқы кездесуге барып, күтпеген оқиғаға тап болғаны туралы жазба жариялады. Оның жарияланымы бір миллион қаралым жинап, желіде қызу пікірталас тудырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Ер адам алғашқы кездесуге барғанын, құрбысы оған телефонынан видео көрсетіп жатқанын жазған. Олар видео қарап жатқанда кенет хабарлама келеді. Қызға келген хабараламада "Жарайды, сырт келбеті маңызды емес" делінген. Жазба авторы хабарламада өзі туралы деп ойлап қалған.
"Бұл хабарламаның сіз туралы екенін қайдан білесіз? Мүмкін бұл оның сізге дейін кездескен жігіті туралы шығар?" "Мүмкін ол біреуге сенің қаншалық сымбатты екеніңді жазған шығар", - деп пікір қалдырған желі қолданушылары.
Ал қалғандары мұндай ыңғайсыз жайтқа тап болмау үшін біреудің хабарламасын қарамауға, ал сіз біреуге өз телефоныңыздан фото немесе видео көрсетейін деп жатқанда ұшақ режиміне қою ұсынылады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қысқарған сөздер қалай жасалады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!