Рио-де-Жанейро полициясы 17 жыл бойы әйелі мен балаларын тұтқында ұстаған. Ер адам ұсталды, - деп хабарлайды G1 сайты.
Басылым мәліметінше, полиция тұтқындағыларды 28 шілдеде хабарлама түскен соң құтқарған.
Құтқаруға келген полицейлер қорқынышты көріністің куәсі болғандарын айтқан. Әйел мен балалардың жағдайы нашар, пәтердің терезелері жапсырылған, матрацтар санитария талаптарына сай келмейді.
Олар ауруханаға жеткізілді. Тұрақты тамақтанбау салдарынан 19 және 22 жастағы балалар 10 жастағы балалар секілді көрінетіні атап өтіледі.
Әйел тәртіп сақшыларына күйеуінің оларды 17 жыл бойы шынжырда ұстағанын айтқан. Балалар ешқашан басқа адамдармен араласпаған, сабаққа бармаған, көшеге шықпаған.
Сонымен қатар, ер адам отбасын үнемі ұрып-соғып, байлап, іліп, тамақ бермей қинаған. Айғайлап, көмек сұраған дауысты естімеу үшін қатты музыка қоятын болған.
Жәбірленуші әйел бірнеше рет көмек сұрамақ болғанын, бірақ нәтиже болмағанын айтқан. Ал билік бұл отбасы туралы жасырын хабарламаның полицияға екі жыл бұрын түскенін, бірақ шара қолданылмағанын атап өтті.
Ер адам қамауға алынды. Оған бірнеше бап бойынша айып тағылды.
Сондай-ақ, сот баланы қамқорлыққа алу ісін қарап жатыр.