- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Эпштейн тізімі". Дональд...
"Эпштейн тізімі". Дональд Трамп, Стивен Хокинг, Майкл Джексон сексуалдық қылмыс жасаған ба?
Әлемге әйгілі, тарихта ізі қалған тұлғалардың былығын ашатын "Эпштейн тізімі" шықты. Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде бұл тақырып қызу талқыланып жатыр. Ең қызығы тізімдегі тұлғалардың жасаған әрекеттері көпшілікті таңғалдырды. Massaget.kz тілшісі тақырып аясында шолу жасады.
Джеффри Эпштейн деген кім?
Ол - АҚШ элитасымен әрі Голливуд жұлдыздарымен тығыз байланыста болған америкалық қаржыгер. Джеффри алғаш рет 2005 жылы 14 жастағы қызды зорлады деген айыппен қамауға алынды. Жалпы қаржыгер жасаған Эпштейн қылмыстары Вирджиниядағы аралда болған. Кейін БАҚ өкілдері мекенге "Көңіл көтеретін арал" деген атау берді.
2019 жылы Эпштейнге кәмелетке толмағандарды саудалады деген айып тағылды. Кейін ол түрмеде өз-өзіне қол жұмсады. Ал биыл 3 қаңтарда АҚШ соты көпшілікке қаржыгердің жыныстық бағытта жасаған қылмыстары жөнінде ауқымды материал жариялады.
Reuters
Эпштейн тізімі деген не?
Эпштейн өлімінен соң оның ісіне қатысы бар деген адамдардың тізімі шықты. Яғни қаржы маманының тұрақты клиенттері болуы мүмкін деген тұлғалар. Тізімде 150-ден аса адамның есімі бар, алайда бұл олардың қандай да бір заңсыздыққа қатысы бар дегенді білдірмейді. Бұл туралы The Independent хабарлады.
Есімдердің көбі жаңалықтар мен сот отырыстарында жарияланды. 2023 жылы желтоқсанда судья Лоретта Преска бұл аттарды жасырудың еш жөні жоқ екенін айтып, шешім шығарды.
Тізімде Эпштейнді айыптаушылар, оның бұрынғы әріптестері, іс бойынша куәгерлер, оқиғаны зерттеген прокурорлар және журналистер бар, тіпті айыпталмаған адамдардың да есімі жазылған. Ең қызығы тізімде Эпштейнмен ұзақ жыл байланыста болған, бірақ іске қатысы жоқ делінген қоғам қайраткерлерінің есімі кездеседі.
Құжаттағы тізімге сенсек, аралға АҚШ-тың бұрынғы президенттері Билл Клинтон мен Дональд Трамп, ал актерлер қатарынан Леонардо Ди Каприо, Кейт Бланшет, Брюс Уиллис, Кэмерон Диас, Кевин Спейси және режиссер Джордж Лукас барған. Сондай-ақ, тізімде модель Наоми Кэмпбелл, әнші Майкл Джексон, Ұлыбритания ханзадасы Эндрю, иллюзионист Дэвид Копперфилд және тағы басқа танымал тұлғалардың есімі аталған.
Тізімнен кейінгі даулар
Джеффри Эпштейн ханзада Эндрю, АҚШ-тың 42-ші президенті Билл Клинтон және ұлыбританиялық миллиардер Ричард Брэнсонмен біргіп бейәдеп видеолар түсірген. Қаржыгердің ісі жайлы құжаттарда солай көрсетілген.
"Эпштейннің құрбаны болдым" деп мәлімдеген Сара Рэнсом 2016 жылы журналисте электрон хат жазады. Онда ол өзінің құрбысының (аты аталмайды - еск.) Йорк герцогы, АҚШ-тың бұрынғы президенті және танымал кәсіпкермен жыныстық қатынасқа түскенін айтып берген, - деп жазылған Sky News мәліметтерінде.
Сондай-ақ, Рэнсон электрон поштадағы жазбасында АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың да көптеген қызбен жыныстық қатынаста болғанын айтқан.
"Менің досым Клинтонмен, ханзада Эндрюмен және Ричард Брэнсонмен жыныстық қатынасқа түскен кезде Джеффри әр сәттен ұятсыз видеолар жасаған", - деген жәбірленуші.
Стивен Хокинг Эпштейннің тізімінде не істеп жүр?
Деректерге сүйенсек, Хокинг 2006 жылы атышулы аралға барған. Онда Эпштейннің қаржыландыруымен өткен ғылыми конференцияға қатысты. Ол аймақта Хокинг атқа мініп, кемемен жүрген және су астына тур жасаған.
Эпштейннің құжаттарында Стивен Хокингтің оргияға қатысы бары айтылады, алайда басқа мағынада. Вирджинии Джуффре ғалымға кешке қатысты деп айып таққан, оны Эпштейн жоққа шығару үшін Джуффренің таныстарына пара ұсынған. Жалпы ғалымның шынымен де оргияға қатысқаны туралы ақпарат және Джуффренің айыбы жалған ба, жоқ па әлі де белгісіз.
Жасұлан Ордабаев
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz