- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ЕО Ресейге қарсы...
ЕО Ресейге қарсы санкциялардың жетінші пакетін енгізді
21 шілдеде Еуроодақ елдері Ресейге қарсы жетінші санкциялар пакетін енгізді, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Ресейге қарсы шектеу шараларының жаңа пакеті "энергетикалық ресурстардан кейінгі ресейлік экспорттың ең маңызды элементі болып табылатын алтынды тікелей және жанама импорттауға, сатып алуға немесе беруге" тыйым салуды қамтиды. Тыйым Ресейден шыққан және елден экспортталатын алтынға қатысты.
Сонымен қатар, санкциялық тізімге 57 жеке және заңды тұлға енгізілді, олардың арасында Мәскеу мэрі Сергей Собянин, премьер-министрдің бірінші орынбасары Андрей Белоусов, "Ростех" басшысы Сергей Чемезов, сондай-ақ ресейлік актерлер Владимир Машков пен Сергей Безруков бар.
Еуроодақ, сонымен қатар, ең ірі ресейлік банкке қатысты шектеулерді күшейтпекші. Сбербанк болашақта қаражаты мен экономикалық ресурстары жабық, қаржы институттарының біріне айналуы мүмкін.
Г. Досымшалова