Әлеуметтік желіде келін кір жуғыш мәшинеге кіріп, ішінде киімдерді жуып, артынша енесі тағы кір киімдер әкеліп жатқаны бейнеденген ролик тарады. Өзбекстанда бұл видео қызу талқыға түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.
Кіржуғыш мәшинеде отырған келін қанша кір жуса да енесінің көңілі толмайды. Бір кезде таңғажайып нәрсе болады - келін барлық киімді қолымен мұнтаздай тап-таза етіп жуып шығады. Себебі көмекке жергілікті брендтің кір жууға арналған құралы келеді. Ролик те жарнама болып шыққан.
"Ролик авторларының "креативі" таңғалдырды. Қызды кір жуғыш мәшиненің ішіне отырғызып, олар келінді мәңгілік кір жуушы деп көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар мұндай жиіркенішті визуалды бейне мазмұны үшін қолайлы екенін көрсетті, әсіресе коммерциялық роликте", - делінген сайтта.
Видео Желі қолданушыларының да ашуына тиген.
"Әйел адам раснда осындай деп ойлайтын адамдар бар"
"Әйел адам - кір жуғыш мәшине емес"
"Бұл ролик арқылы нені меңзегендерін түсінбедім", - делінген пікірлерде.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!