Желіде енесі келінін ұрып жатқаны бейнеленген видео тарады. Әлеуметтік желіде бұл оқиға Шымкентте болған деп таралып жүр. Алайда бұл адамшошырлық жағдай Қырғызстанда болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Танымал тележурналист Гүлмира Әбіқай Instagram-парақшасында ене мен келін арасындағы жанжал бейнеленген видеоны жүктеді. Кадрда енесі келінін ұрып, шашын тартып жатқаны көрінеді.
"Қарт енесі келінін шаштан тартып, төпелеген төбелес арасында кішкентай қыз жүр. Көз ашқалы әкесі, апасы, әжесі, көкелері, кейде атасы да жалғыз анасын ұрып жатқанын көріп өскен бала үшін бұл норма сияқты. Жаны ашығансып "болды, шаштан тартпа" деп видеоға түсіріп тұрған кемпірдің қызы ма, әлде абысыны ма?" - деп жазған ол.
Алайда бұл Шымкентте болған жағдай емес. Видео Қырғызстанда түсірілгені анықталды. Енесі мен келінінің арасындағы кикілжің мүлікті бөлуге қатысты туындаған.
Жалал-Абад облысының ішкі істер департаменті 24.kg агенттігіне 16 тамызда 53 жастағы А.Д.-ның Кочкор-Ата қаласындағы ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Кейінірек ол Бургонду ауылында інісінің әйелі мен оның үш қызынан соққыға жығылғаны туралы полицияға арыз жазған. Бұл дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!