Әлеуметтік желіде 17-қабаттағы терезелерді жуып жатқан астаналықтың видеосы пайда болды. Кадрларда оның ешқандай сақтандырусыз сырттағы тар карнизде тұрғаны көрінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видео Instagram-да топтарда тез тарап, көпшіліктің наразылығын тудырған.
"Терезелердің тазалығы өмірден қымбат па?", "Лас терезелермен жүре берейін", "Тіпті бірінші қабатта тұрып, бұлай жумаймын", "Енесі келе жатқан шығар", - деп жазған Желідегілер видеоға.
Tengrinews.kz редакциясы Астана ТЖД өкілдерінің видеоға қатысты пікірін сұраған.
"Көбіне трагедиялар ересектердің немқұрайды қарауынан және терезелерді тазалау кезіндегі абайсыздықтан болады. Жыл басынан бері елордада балалар терезеден құлаған үш жағдай тіркелді", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, 1 мамырда ересек адам биіктен құлаған.
"Сағат 17:33-те 1988 жылы туған ер адам 9 қабатты тұрғын үй кешені сыртындағы терезелерді жуу кезінде 7-қабаттан альпинистік құралдан құлағаны туралы хабарлама түсті. Ол алған жарақаттарынан сол жерде қаза болды", - деді ТЖД баспасөз қызметі өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!