Энергетикалық және газдалған сусындарға салық салынады

Өзбекстанда энергетикалық және газдалған сусындарға акциздік салық енгізіледі. Аталған сусындардың әрбір литріне 2000 сум көлемінде акциз есептеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.

Құрамында қанты бар газдалған сусындар үшін акциз салығы - литріне 500 сум. Елдің денсаулық сақтау министрлігі қант диабеті көбеюі мүмкін деп алаңдайды.

Жалпы 18 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындарды сату және оларды жарнамалауға шектеу қоятын заң алты жыл бұрын қабылданған. Акцизден түскен қаржы медицина саласын дамыту қорына аударылады.

"Соңғы 30 жылда созылмалы және жұқпалы аурулар саны күрт өсті. Қант диабетінің таралуы 2,1% -дан 11%-ға дейін артқан. Ең сорақысы, дұрыс тамақтанбау салдарынан болатын өлім- жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 400 адамды құрап отыр", - деді Өзбекстан Республикасы денсаулық сақтау және стратегиялық даму институтының директоры Нодира Алиханова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!