- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Энергетика вице-министрінің қызметінен...
Энергетика вице-министрінің қызметінен кетуі: министрлік жағдайды түсіндірді
Энергетика министрлігі өкілдері вице-министр Жандос Нұрмағамбетов "ведомство басшылығымен арадағы жанжалға байланысты жұмыстан шығып жатыр" деген қауесетке пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрмағамбетов электр энергетикасы, ЖЭО, ЖЭК салаларына жетекшілік еткені белгілі.
"Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов 16 қарашадан 15 желтоқсанға дейін еңбек демалысында, кейін басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылады. Желіде таралған вице-министр мен ведомство басшылығы арасындағы жанжал туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, Жандос Нұрмағамбетов 2003-2005 жылы "Каруглесбыт" ЖШС директорының орынбасары, директоры; 2005-2006 жылы "Карагандинская региональная энергетическая компания" ЖШС директоры; 2008-2010 жылы "Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы" АҚ бас директоры; 2011-2013 жылы "Қызылорда" ӘКК" АҚ басқарма төрағасы; 2013-2020 жылы "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы есеп айырысу орталығы" ЖШС бас директоры; 2020-2021 жылы "KEGOC" АҚ Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарды.
2021 жылғы 13 желтоқсаннан бастап энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова