- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Энергетика министрінің әкесі...
Энергетика министрінің әкесі Майдан Сәтқалиев қайтыс болды
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің әкесі Майдан Әбдуғалиұлы Сәтқалиев дүниеден озды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Майдан Әбдуғалиұлы Сәтқалиев – 1943 жылы Алматы облысы Құғалы ауылында дүниеге келген. Ол 81 жасында өмірден озды.
Майдан Сәтқалиев еңбек жолын Алматы облысы бойынша салық инспекциясында салық инспекторы болып бастаған. Алматы халық шаруашылығы институтының аға оқытушысы, деканның орынбасары, партия ұйымының хатшысы, қаржы кафедрасының доценті қызметтерін атқарған.
1997 жылы Астанаға қоныс аударған соң Қазақ аграрлық университетінің қаржы кафедрасының доценті болды.
Майдан Сәтқалиев – банк ісі бойынша оқу құралының және Қазақстан қаржысына арналған сериялар мен бірқатар мақалалардың авторы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева