- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Энергетика министрлігі Алмасадам...
Энергетика министрлігі Алмасадам Сәтқалиевтің Назарбаевпен туыстық қатынасы туралы ақпаратқа жауап берді
Желіде энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен туыстық қатынасы туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің қызы Нұрсұлтан Назарбаевтың "ұлына" тұрмысқа шығады.
Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Энергетика министрінің қызы сыныптасымен қарым-қатынаста деген жалған ақпарат. Сәтқалиевтің өзі экс-президентпен ешқандай туыстық байланыста емес", - деді министрлік өкілдері.
Министрлік жалған ақпарат таратқандарға жаза қарастырылғанын еске салды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина